Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Алматы облысында балық аулауға кеткен ер адамды құтқарушылар іздеп тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. 112 жедел қызметінің пультіне Көлді ауылының маңында балық аулап жүрген ер адамның адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ қызметкерлері жедел жіберілді. Құтқарушылар болжамды бағыт бойынша іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоғалған азаматты қысқа уақыт ішінде анықтады.

Ведомство ер адам аман-есен табылып, қауіпсіз жерге шығарылғанын мәлімдеді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

Мамандар табиғат аясында демалыс ұйымдастыру немесе балық аулауға шығу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

«Табиғатқа шығар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңызды, нақты орналасқан жеріңізді және қай уақытта оралатыныңызды алдын ала хабарлап қойған жөн. Бұл төтенше жағдай туындаған кезде іздестіру жұмыстарын жеңілдетуге көмектеседі», – деп атап өтті ТЖМ өкілдері.

Құтқарушылар азаматтарды табиғат аясында серуендеу, аңшылық немесе балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтауға және байланыс құралдарын өздерімен бірге алып жүруге шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алкогольдің адам өміріне әсері

Диана Ахметова
13.08.2026

Қонаевта Абай рухына тағзым етілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Шеңгелдіде картоп алқабы үш есе ұлғайды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта «Мектепке жол» акциясы аясында 1 400-ден астам балаға көмек көрсетілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта лайға батып қалған автобустан 27 жолаушы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz