Жиынға ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов, ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов, сондай-ақ Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі республикалық кеңестің өкілдері қатысты.
Көшпелі іс-шара аясындағы негізгі кездесулердің бірі Алматы облысы әкімдігінде өтті. Өңір әкімінің орынбасары төрағалық еткен жиынға мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері қатысты.
Кеңес барысында өңірдегі есірткіге қарсы жұмыстың алдағы кезеңдегі басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, интернет арқылы жасалатын есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту, өңірлік штабтар мен профилактика кеңестерінің жұмыс тиімділігін арттыру, жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру және бірлескен алдын алу шараларын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттарын белсенді тарту, қоғамда есірткіге төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
Жиын барысында жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімшелерінің және қоғамдық ұйымдардың өңірдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға бағытталған міндеттерді орындауы маңызды екені атап өтілді.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, мұндай көшпелі кездесулер ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін осындай іс-шара Көкшетау қаласында өткізілген.





