Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының сот жүйесінде жаңа тағайындаулар болды

Алматы облысының сот жүйесінде кадрлық өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1312 Жарлығымен облыстың судьялар корпусына үш жаңа судья тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңадан тағайындалған судьяларды Алматы облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қалдарбек Досымбет таныстырды.

Президент Жарлығына сәйкес, Еркін Байбутаев пен Қарлығаш Есалинова Алматы облыстық сотының судьялары болып тағайындалды. Ал Исмаил Сраилов Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметіне кірісті.

Еркін Байбутаев 1971 жылы дүниеге келген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 1997 жылы бастап, осы уақытқа дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Соңғы қызмет орны – Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

Қарлығаш Есалинова 1972 жылы туған. Ол сот жүйесінде 1992 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұған дейін Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы болған.

Ал Исмаил Сраилов 1990 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, құқықтану магистрі. Сот жүйесіне келгенге дейін заң саласында, соның ішінде басшылық және кеңесшілік қызметтерде жұмыс істеп, кәсіби тәжірибе жинақтаған.

Кездесу барысында Қалдарбек Досымбет жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, олардың жаңа қызметтерінде табысқа жетуіне, әділдік пен объективтілік қағидаттарын берік ұстанып, сот төрелігін сапалы жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қазақстанда төрт күнде көші-қон заңнамасын 13 мыңнан астам адам бұзған

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысының сот жүйесінде жаңа тағайындаулар болды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

ІІМ Алматы облысында есірткіге қарсы жұмыстың жаңа басымдықтарын айқындады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz