Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰҚК қазақстандықтарға үндеу жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасап, ел аумағында ауқымды антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 5–30 маусым аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде «Найза-Антитеррор-2026» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылуда.

ҰҚК өкілдері азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

«2026 жылғы 5 мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуде. Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекелеген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар барысында күштік құрылымдардың өзара іс-қимылы, төтенше жағдайларға әрекет ету алгоритмдері және қауіпсіздік шаралары пысықталады.

Осыған байланысты кейбір өңірлерде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Ведомство тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды ұсынды.

ҰҚК өкілдері азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес берді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралуы мүмкін жалған ақпараттарға назар аударып, расталмаған мәліметтерді бөліспеуге шақырды.

«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу қажет», – деп мәлімдеді ведомство.

Тегтер: ҚазақстанҰҚК

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтардың арбауына түспеңіз: интернеттегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
27.07.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды міндеті.

Диана Ахметова
27.07.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Проблема және шешім

Диана Ахметова
27.07.2026

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Диана Ахметова
27.07.2026

Алкоголизм – қоғамның өзекті мәселесі

Диана Ахметова
27.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz