Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құны 22 миллиард теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады

Алматы облысында экологиялық туризмді дамыту және тұрғындар үшін қолайлы демалыс инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында бірнеше ірі экопарк жобасы жүзеге асырылмақ. Өңірде іске асырылатын жаңа нысандарға тартылатын инвестиция көлемі 22 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметінше, бүгінде Алматы облысында жалпы аумағы 69 мың гектардан асатын 20-дан астам экопарк жұмыс істейді. Алдағы жылдары олардың қатары жаңа рекреациялық және туристік аймақтармен толықтырылады.

Ірі жобалардың бірі – аумағы 10 гектарды құрайтын «Барыс» экопаркі. Жобаның жалпы құны шамамен 1,5 миллиард теңге. Болашақта парк аумағында 7 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өңірде жеке инвесторлардың қаржысы есебінен тағы екі ауқымды жоба іске асырылуда. Солардың бірі – аумағы 5,5 гектар болатын «Tal Resort» экопаркі. Құрылысқа шамамен 5 миллиард теңге инвестиция салынады. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңді 2026 жылдың соңында аяқтау көзделсе, нысан толықтай 2027 жылы пайдалануға беріледі.

Одан бөлек, жалпы аумағы 8,5 гектар болатын «Aykan Resort» экопаркінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 5 миллиард теңгені құрайды. Демалыс аймағын 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Өңірде экотуризмді дамыту бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. 2027–2028 жылдары тағы екі ірі жоба іске асырылады. Атап айтқанда, «Көшпенділер» экопаркіне шамамен 700 миллион теңге, ал «Орталық саябақ» жобасына 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Мамандардың айтуынша, жаңа экопарктердің салынуы өңірдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға, қоршаған ортаны жақсартуға және тұрғындардың сапалы демалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz