Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді тыңдады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдап, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қабылдау барысында азаматтар су құбырын тарту, газбен қамту, жер телімін рәсімдеу, автомобиль жолдарын жөндеу және балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша сауалдарын жеткізді. Жауапты басқарма басшылары мен мамандар тұрғындардың мәселелеріне қатысты түсініктеме беріп, оларды шешу жолдарын қарастырды.

Мәселен, Қонаев қаласының тұрғыны 2023 жылы сатып алған жер теліміне рұқсат құжаттарын рәсімдемей үй салып бастағанын айтқан. Алайда бұл құрылыс қаланың бас жоспарына сәйкес келмейтіндіктен, тұрғыннан жер телімін қайтару талап етілген.

Аймақ басшысы жер телімі толық игерілмеген жағдайда басқа аумақтан жер беру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Ал егер тұрғын үй салынып қойған болса, оны бұзбай сақтау жолдары зерделенуі мүмкін екенін жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі барлық құжаттарды заң талаптарына сай рәсімдемей құрылыс жүргізу заңға қайшы екенін ескертті.

Қабылдауға келген Жамбыл ауданы тұрғыны «Ұзынағаш – Күрті» автомобиль жолының тозуы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға және көлік қозғалысына қиындық туғызып отырғанын айтты.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл аталған жолдың 47–64 және 64–71 шақырым аралығындағы учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған құжаттама дайындалған. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Қаржы бөлінгеннен кейін мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталады.

Ал Көктал ауылы тұрғындары ауызсу мен жол мәселесін көтерді. Әсіресе «Ай-Абылай» шағын ауданындағы инфрақұрылымның жай-күйі сөз болды.

Жауапты мамандардың айтуынша, өткен жылы аталған шағын ауданға газ жүйесі тартылған. Биыл ауызсу желілерін жүргізуге бюджеттен қаражат бөлінген. Ал жол салу жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ тұрғындар көтерген Мәметова көшесіндегі 1200 метр жолға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жіберілген.

Марат Сұлтанғазиев оқу жылы басталғанға дейін оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауына жағдай жасауды және тұрғындарды ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданында тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады Как вам разговор? Пригодился?

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында 44,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz