Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Бүгін еліміздің барлық білім ошақтарында соңғы қоңырау үні естіліп, мыңдаған түлек мектеппен қоштасты. Алматы облысында да оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Айтулы шараның бірі Қонаев қаласындағы орта мектеп гимназиясында ұйымдастырылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те әсерлі сәттің куәсі болып, жас түлектерге сәт сапар тіледі, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өңірдегі 497 жалпы білім беретін мектепте 379 мыңнан астам оқушы білім алуда. Мектеп бітіруші түлектер саны – 20 109. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 1 844 болса, «Үздік аттестат» үміткерлері – 1680 оқушы. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданы М.Горький атындағы орта мектептің түлегі Әли Лоян 140 балл жинап, облыстың мақтанышына айналды. Бұл аймақтағы білім сапасының және оқушылардың үлгерімінің жоғары екенін дәлелдейді.

Аймақ басшысы өз сөзінде жас түлектерге үлкен үміт артатынын айтып, алдағы сынақтан сүрінбей өтулерін тіледі.

«Баршаңызды бүгінгі мектеп өмірінің ең маңызды мерекесі – оқу жылының аяқталу күнімен құттықтаймын! Бұл күн – он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттердің балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алатын ерекше сәті. Алтын ұя мектептеріңізден алған терең білім мен тағылымды тәрбие – болашақта биік белестерді бағындыруға негіз болары сөзсіз», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Алматы облысы дарынды, білімді және жігерлі жастардың мекені екенін айтып, соңғы үш жылдағы жетістіктерге тоқталды. Айтуынша, биыл ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 34 оқушы жүлделі орынды, жаратылыстану-математикалы бағыт бойынша І орынды жеңіп алып, «Ең үздік олимпиадалық команда» атағына ие болған. Жас дарындар соңғы үш жыл қатарынан қос бағыт бойынша І және ІІ орындарды еншілеп, өңір абыройын асқақтатып келеді. Сонымен қатар Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында соңғы 3 жылда 26 мектеп бой көтеріп, қолданысқа берілді. Аталған мектептерде сапалы білім алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Соңғы үлгіде жабдықталған кабинеттер, ерекше балаларға арналған инклюзивті білім орталығы, шеберхана, кітапхана, робототехника, STEM және модификациялы кабинеттер оқушылардың игілігіне қызмет етуде.

«Қымбатты жас түлектер, алдарыңда жаңа өмір белесі, үлкен мүмкіндіктер мен зор жауапкершілік кезеңі тұр.  Қай жерде жүрсеңдер де, қандай биікті бағындырсаңдар да, әрдайым табыстың кілті – еңбекте, білімде және өз отбасыңа, Отаныңа деген құрметте екенін естен шығармаңдар», – деген Марат Елеусізұлы мұғалімдер мен ата-аналардың да елеулі еңбегін ерекше атап өтті.

Шара барысында жас түлектер білімнің терең қойнауына бойлатқан ұстаздарына алғыс айтып, мектептегі қоңырау үнін соңғы рет қимастықпен күмбірлетті. Қоштасу вальсін билеп, білім ордасына арнап ән шырқады.

 «Барлық түлектерді жаңа өмірге қанат қағуымен құттықтаймын. Өмірлік бағыт-бағдар көрсетіп, шамшырақ бола білген мұғалімдерге алғысым шексіз.  Қазіргі таңда ҰБТ-ға қызу дайындалып жатырмыз. Физика-математика бағытын таңдап, инженерия саласында білім алғым келеді. Болашақта алған білімімді еліміздің, оның ішінде Алматы облысының гүлденіп-көркеюіне арнағым келеді», – деді жас түлек Нұрдана Мұқаш.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Құрбан айт: Алматы облысында қауіпсіздік пен санитариялық талап күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz