Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы аяқталды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 31 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты үздік аяқтайды. Ал 11-сыныпты үздік бітіруге 18 мыңға жуық оқушы үміткер болып отыр. Қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бүгінде 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Бұл мектептерде 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Биыл жоба аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілсе, оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Биыл мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты талаптар да күшейтілді. Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешіміне сәйкес, түлектерге арналған кештерді мейрамхана, дәмхана, банкет залы, демалыс орындары немесе табиғат аясында ұйымдастыруға тыйым салынды. Аттестат пен диплом табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық жасауға және өзге де материалдық шығындарды талап етуге жол берілмейді.

Бүгін, 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіліп жатыр.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2-15 маусым аралығында ұйымдастырылады. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өтеді.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар 17-18 маусым күндері табысталады.

Тегтер: ҚазақстанМектеп бітіру кеші

Соңғы жаңалықтар

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Alatau City-де бизнеске қолайлы арнайы құқықтық режим енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz