Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады

Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

— Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар, — делінген хабарламада.

Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған. Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R& D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады. Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты. Алматы облысында салынатын бұл кешен импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Қазақстандық блогер Канндағы халықаралық марапатта «Үздік тревел-блогер» атанды

Қорлан Нұрланқызы
24.05.2026

Букреев шыңынан түсе алмай қалған жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматы облысында автокортеж ұйымдастырған түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz