Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Мәдениет ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер терезесінде кішкентай баланың отырғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың құлап кету қаупі бар екенін анықтаған. Мамандар автосатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы аман-есен құтқарып алды.

Белгілі болғандай, оқиға кезінде пәтердің есігі іштен құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.

Құтқарушылар шамамен 5 жастағы баланы қауіпсіз жерге шығарып, кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару операциясы барысында автосатының жебесі дәл әрі шебер басқарылған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға кеңес берді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz