Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Алматы облысында Оңтүстік Кореяның танымал кино компаниясы мен отандық «Atadala» продакшны бірлесіп халықаралық деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары өңірдің көрікті табиғи аймақтарында өтуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жоба аясында сериал Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылында, Айлы және Қара шатқал аумақтарында, сондай-ақ Қонаев қаласындағы Іле өзенінің жағалауында түсірілуде.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев түсірілім алаңына арнайы барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Аймақ басшысы шығармашылық топпен, техникалық құраммен және жобаға тартылған жергілікті тұрғындармен кездесті.

Облыс әкімінің айтуынша, мұндай халықаралық жобалар өңірдің креативті экономикасын дамытуға және туристік әлеуетін арттыруға оң әсер етеді.

«Қазіргі таңда Қарасай және Ұйғыр аудандарында халықаралық деңгейдегі фильмдер түсіріліп жатыр. Бұл жобалар креативті экономиканың дамуына үлкен серпін береді. Оңтүстік Корея компанияларының туындыларын әлем жұртшылығы қызығып көреді. Бұл сериал экранға шыққаннан кейін шетелдіктер Қазақстанның әсем табиғатын көріп, елімізге қызығушылық танытады. Соның нәтижесінде туристер саны артып, Алматы облысының халықаралық деңгейдегі танымалдығы күшейеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Қазіргі уақытта түсірілім алаңында актерлер, каскадерлер, техникалық мамандар және жергілікті мердігер ұйымдар жұмыс істеуде. Сонымен қатар жоба аясында облыстағы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен көлік қызметтері кеңінен пайдаланылып жатыр.

Түсірілім жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылған. Бұл өз кезегінде өңір халқы үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Шығармашылық топ өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның түсірілім алаңы ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Олар еліміздің табиғи ландшафтарының алуан түрлілігі мен кино түсіруге қолайлы ерекшеліктерін жоғары бағалайды.

Жобаның бас продюсері – Руслан Пак. Телехикаяны 2027 жылы көрерменге ұсыну жоспарланып отыр.

Мамандардың пікірінше, мұндай халықаралық жобалар Қазақстандағы креативті индустрияны дамытуға, шетелдік инвестиция тартуға және Алматы облысының туристік имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысында Джеки Чанның атын жамылған алаяқ қарияны алдамақ болды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысындағы таулы аймақта Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz