Кадрлардан әуе кемесінің тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Жақын маңда әуежайлар жоқ екені белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, авиациялық оқиға тіркелгенін растады.
«Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы мәліметтерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес, UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған оқиға адам шығыны жоқ авиациялық оқиға (авария) ретінде тіркелді және оны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Министрлік мәліметінше, Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын бастап кеткен. Оқиға орнына департамент қызметкері жіберілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.





