Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан екі дүркін Азия чемпионы

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсыбетов бокстан жасөспірімдер арасындағы екі дүркін Азия чемпионы атанған аудан тұрғыны Жансая Ержанды қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жансая Нұрланқызы Ержан 2011 жылдың 17 желтоқсанында Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Ол 5 жасынан бастап Ақши ауылындағы №8 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, білім жолын туған ауылында бастаған. 12 жасынан бері бокспен тұрақты түрде шұғылданып келеді.

Жас спортшының алғашқы ірі жетістігі 2024 жылы бокстан Алматы облысының чемпионы атануы болды. Осы жеңісінен кейін республикалық чемпионатқа жолдама алған.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Жансая Алматы қаласындағы Шаңырақ шағынауданында орналасқан Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына қабылданды. Сол жылы Шымкент қаласында өткен жарыста республика чемпионы атанып, кейін Иорданияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ал 2026 жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, финалда Үндістан өкілі Ваника Ванишканы жеңді. Осылайша Жансая Ержан бокстан жасөспірімдер арасындағы екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Аудан басшысы жас чемпионды тарихи жеңісімен құттықтап, оның табандылығы мен еңбегі Іле ауданы жастарына үлкен үлгі екенін атап өтті.

Жансаяның жетістігіне ата-анасы Нұрлан мен Аясыл Сәрсенғалиева да зор үлес қосып келеді. Спортшыны кішкентайынан қолдап, тәрбиелеп отырған отбасы бүгінде аудан мақтанышына айналған.

Бүгінде Жансая — тек Іле ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Оның жеңісі — қажырлы еңбек, тәртіп пен сенімнің жемісі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласында жыл басынан бері 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданында тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады Как вам разговор? Пригодился?

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында 44,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz