Білім сайысы 2026 жылдың 18 мамыр күні Райымбек батыр атындағы мектеп базасында өтті. Интеллектуалды додаға өңірдің үздік командалары қатысып, логикалық ойлау, білім деңгейі мен жылдамдық бойынша сынға түсті.
Оқушылар лигасында жалпы саны 14 команда бақ сынады. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сұрақтарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде Іле ауданының командасы үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлде мен Супер кубок иегері атанды.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын — Қонаев қаласының командасы
🥈 2-орын — Әл-Фараби мектеп-лицейінің командасы
🥉 3-орын — Ш.Смағұлов атындағы БИЛ командасы
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, көшбасшылық қабілеті мен логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.





