Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Алматы облысында өндіріс пен өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Qonaev Media арнасына берген арнайы сұхбатында айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Әкімнің сөзінше, бүгінде өңір экономикасында экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға басымдық берілуде. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында ірі кәсіпорындар саны көбейіп келеді.

Солардың бірі – Алматы облысында орналасқан «Шин-Лайн» кәсіпорны. ТМД аумағындағы ірі балмұздақ өндірушілердің бірі саналатын зауыт өткен жылы 15 мың тонна өнім экспорттаған.

«Бұрын импорт көлемі жоғары болса, бүгінде қазақстандық өнімнің экспорттағы үлесі артып келеді. Бұл – өңдеу саласының дамып жатқанын білдіреді», – деді облыс әкімі.

Сұхбат барысында аймақ басшысы салыстырмалы түрде Ресейдегі балмұздақ зауыттарының жалпы экспорт көлемі шамамен 17 мың тоннаны құрайтынын айтты. Оның сөзінше, Қазақстандағы бір ғана «Шин-Лайн» кәсіпорнының 15 мың тонна өнім экспорттауы саладағы өсімнің айқын көрсеткіші.

Әкімнің пікірінше, мұндай нәтижелер Алматы облысының өндірістік әлеуетін күшейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімін арттыруға және экономиканы әртараптандыруға да ықпал етеді.

Қазір облыста өнім өңдеу, логистика және қойма ісі бағыттары да қатар дамып келеді. Бұл салалар экспорттық мүмкіндікті кеңейтіп, дайын өнім өндіру көлемін арттыруға негіз болып отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің негізгі мақсаты – шикізат өндірумен ғана шектелмей, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті дайын өнім шығаратын өндірістік орталыққа айналу.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz