Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі 27 жастан асқан қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған «әскерде болмаған 27 жастан асқан қазақстандықтар әскери жиындарға шақырылады» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «әскерде болмаған 27 жастан асқан барлық қазақстандық әскери қайта даярлауға жіберіледі» деген ақпарат контекстен жұлынып алынып, дұрыс түсіндірілмеген.

Ведомство Ғани Артықовтың мәлімдемесі Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңындағы әскери жиындарға шақыру тәртібіне қатысты болғанын айтады.

«Заңның 33-бабына сәйкес, әскери жиындарға запаста тұрған әскери міндеттілер шақырылады. Мұндай жиындар жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын сақтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде өткізіледі», – деп түсіндірді министрлік.

Қорғаныс министрлігі 27 жасқа толып, мерзімді әскери қызмет өтпеген азаматтар автоматты түрде әскери қайта даярлауға жіберілмейтінін нақтылады.

Сонымен қатар, азаматтардың Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ерікті түрде ақылы негізде даярлықтан өте алатыны айтылды. Оқу мерзімі 40 күнді құрайды. Оқу аяқталған соң әскери-есептік мамандық беріледі.

Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Тегтер: әскерҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz