Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңғыртылған перинаталдық орталық ашылды

Есік қаласында күрделі жөндеуден өткен №1 Перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған медициналық мекеме толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жұмыс істеуге дайындалған.

Мамандардың мәліметінше, орталық 2007 жылы салынған. 2025 жылы жүргізілген күрделі жөндеу барысында нысанның инженерлік желілері, материалдық-техникалық базасы және инфрақұрылымы толық жаңартылған. Сонымен қатар мекеме жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Перинаталдық орталықтың жалпы аумағы 10 800 шаршы метрді құрайды.

№1 Перинаталдық орталық Алматы облысы тұрғындарына тәулік бойы акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсететін мамандандырылған медициналық мекеме саналады. Орталық 110 төсек-орынға арналған және Еңбекшіқазақ ауданы, Райымбек ауданы, Кеген ауданы, Талғар ауданы және Ұйғыр ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Орталықты жаңғырту жұмыстары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған. Жоба жүкті әйелдерге, босанатын және босанған аналарға, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Медициналық мекемеде:

  • мамандандырылған акушериялық көмек;
  • шұғыл және жоспарлы гинекологиялық көмек;
  • жаңа туған нәрестелерге неонатологиялық көмек;
  • әйелдер мен балаларға реанимациялық көмек;
  • консультациялық-диагностикалық қызметтер;
  • гинекологиялық аурулар бойынша хирургиялық көмек көрсетіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында орталықта заманауи диагностикалық, емдік және хирургиялық қызметтер де қолжетімді. Оның ішінде аз инвазивті операциялар, лапароскопия, гистероскопия, жүктілік патологиялары кезінде жасалатын операциялар, күрделі кесарь тілігі, сондай-ақ реконструктивтік-пластикалық және органсақтаушы операциялар жүргізіледі.

Мекеме жаңа диагностикалық және хирургиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл күрделі операцияларды қауіпсіз жүргізуге және ана мен бала денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңартылған №1 Перинаталдық орталықтың ашылуы Алматы облысындағы босандыру қызметін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz