Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлер мен IT мамандарына сұраныс артып отыр

Қазақстанда білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылып жатыр. Сұранысқа ие мамандықтар тізіміне 50-ден астам кәсіп енгізілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тізімге ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар енген.

Ведомство дерегіне сәйкес, аталған мамандық иелеріне Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тетік ел экономикасының басым бағыттарына қажетті кадрларды тартуға бағытталған.

Министрліктің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерге сүйенсек, 2026 жылдың басынан бері бірқатар салада кадр тапшылығы сақталып отыр.

Мәселен, Enbek.kz порталындағы деректер бойынша, «акушер-гинеколог» мамандығына 469 бос жұмыс орны жарияланғанымен, тек 100 түйіндеме тіркелген. Ал «педиатр» мамандығы бойынша 448 вакансияға 139 түйіндеме ғана бар. «Анестезиолог-реаниматолог» бағыты бойынша 300 бос орынға небәрі 75 түйіндеме ұсынылған.

Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары болып отыр.

IT саласында да кадр жетіспеушілігі байқалады. Атап айтқанда, қолданбалы бағдарламашыларға 509 вакансия, ал графикалық дизайнерлерге 355 бос жұмыс орны жарияланған.

Министрлік мәліметінше, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты тіркелген.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері бойынша шамамен 8 мың, акушер-гинекологтар бойынша 4,6 мың, педиатрлар бойынша 4,1 мың және қолданбалы бағдарламашылар бойынша 3,5 мың еңбек шарты жасалған. Сонымен қатар шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделді. Олардың басым бөлігі “автоматтандыру инженері” мамандығына тиесілі», – делінген министрлік хабарламасында.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Әсіресе медицина саласындағы кадрларға қажеттілік жоғары деңгейде сақталып отыр.

Министрлік мәліметінше, жалпы ішкі еңбек нарығы сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігі бойынша қажеттілікті қамтамасыз етіп отырғанымен, денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр.

Тегтер: Қазақстанмамандықсұранысқа ие мамандықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлер мен IT мамандарына сұраныс артып отыр

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында ұстазға қол көтерген оқушы есепке алынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында 90 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Мемлекеттік қызметтегі басшы әдебі: қоғам сенімінің басты көрсеткіші

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында жалған жарылыс туралы хабарлама таратқан оқушылар ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz