Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 90 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Алматы облысының Балқаш ауданында 90 тұрғын жаңа үйдің кілтін алды. Салтанатты рәсім Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа үйлер Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік тұрғын үй саясаты шеңберінде салынған. Жоба халықты әлеуметтік қолдау мен тұрғындардың баспана мәселесін шешуге бағытталған.

Қоныстойын әлеуметтік осал топ өкілдері мен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар атап өтті.

Тұрғын үйлер Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылы мен Ақдала ауылында орналасқан. Жалпы ауданда 90 үй салынса, оның 82-сі Бақанаста, ал 8-і Ақдала ауылында бой көтерген.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында жеке мердігер ұйымдарды тарту арқылы басталған. Әрбір баспана заманауи құрылыс талаптарына сай салынып, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Үйлер электр, су және газ жүйелеріне қосылған. Үш бөлмелі тұрғын үйлердің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайды.

Салтанатты рәсімге аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Биыл Жеңістің 81 жылдығы атап өтілуде. Осындай мерейлі күні аудан орталығында салынған жалдамалы тұрғын үйлердің азаматтарға берілуі ерекше мәнге ие. Бүгін “Отбасы банк” АҚ тізіміне сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдеріне жаңа үйлердің кілттері табысталды. Жаңа баспаналар әр отбасы үшін құт-береке мен бақыттың ордасына айналсын», – деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, Балқаш ауданында тұрғын үй құрылысы алдағы уақытта да жалғасады. Жыл сайын жаңа үйлер салынып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 90 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Мемлекеттік қызметтегі басшы әдебі: қоғам сенімінің басты көрсеткіші

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында жалған жарылыс туралы хабарлама таратқан оқушылар ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Қазақстан тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

БҰҰ басшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz