Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді

Алматы облысында Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде бүгінде төрт соғыс ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына мереке қарсаңында 5 миллион теңгеден төлем берілген.

Өңірдегі ең қарт ардагер — 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Ол 1942 жылы майданға аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан.

Ұйғыр ауданының тұрғыны, 102 жастағы Алим Кебиров Белоруссия стратегиялық операциясы кезінде Белгород қаласын азат етуге қатысып, ауыр жараланған. Соған қарамастан, 1943 жылы қайтадан майданға оралып, Украина аумағындағы шайқастарға қатысқан.

Ал Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов биыл 101 жасқа толды.

Өңірдегі ең жас ардагер Жамбыл ауданының тұрғыны Федор Ковалев. 98 жастағы майдангер 1945 жылы Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан.

Сонымен қатар, облыстағы 2038 тыл еңбеккеріне 64 875 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленді.

Ленинград қоршауы кезінде еңбек еткен және арнайы марапаттары бар екі тұрғынға 86 500 теңгеден қарастырылған.

Сондай-ақ соғыс жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған кәмелетке толмағандарға 64 875 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz