Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Өскемен қаласындағы «Қазцинк» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға түтін сорғыш құрылғыны тазалау кезінде болған. Компания дерегінше, жұмыс барысында жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Соның салдарынан ғимараттың кейбір конструкциялары ішінара құлаған.

«Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілуде», – делінген компания хабарламасында.

Кәсіпорын өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Апат орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, салдарын жою шаралары жүргізілуде.

Компанияның мәліметінше, арнайы комиссия құрылып, жарылыстың себептері анықталып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеру қорытындысы бойынша белгілі болады.

Сондай-ақ уәкілетті органдар жарылыстың қоршаған ортаға әсерін де зерттеуде. Алдын ала деректерге сәйкес, рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайтын шаң таралған, қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі тіркелмеген.

Тегтер: жаңалықҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz