Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Таңғы уақытта басталған тазалық жұмыстарына ауылдың белсенді тұрғындары қатысып, «Dubai Resort» туристік демалыс аймағының аумағын толықтай қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау.

Сенбілікке 50-ге жуық ерікті жұмылдырылды. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс аймағын ретке келтірді. Ауыл тұрғындары мұндай бастамаларға белсенді қатысу арқылы табиғатқа деген жанашырлықтың нақты үлгісін көрсетіп келеді.

Айта кетейік, «Dubai Resort» – Байсерке ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан ірі туристік жобалардың бірі. Кешен бір мезетте 1100 адамды қабылдауға қауқарлы. Бүгінде нысан толыққанды жұмыс істеп тұр, жоба аясында 60-тан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың шілде айында пайдалануға берілген «Dubai» аквапаркі өңірдің туристік әлеуетін арттырып, ауыл инфрақұрылымының дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz