Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Алматы облысының Іле ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026
Аймақ, Алматы облысы

Негізгі шаралар Өтеген батыр ауылының орталық стадионында ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Салтанатты бөлім Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Аудан әкімінің орынбасары Асқар Садықов жиналғандарды мерекемен құттықтап, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірліктің маңызын атап өтті.

Іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Өндіріс, бизнес, қоғамдық ұйымдар және құқық қорғау саласының өкілдері арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен наградталды.

Сонымен қатар, Іле ауданында футбол маусымы ресми түрде ашылды. Ересек командалар арасындағы аудан біріншілігі басталып, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған аудан әкімінің кубогы үшін турнирге старт берілді. Жарысқа барлық ауылдық округтердің командалары қатысты.

Командалардың шеруінен кейін жаңа маусымның алғашқы матчтары өтті. Ашылу ойынында Ақши ауылы мен Өтеген батыр ауылдық округінің командалары кездесті.

Мерекелік атмосфераны жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы толықтырды.

Айта кетейік, Іле ауданы – көпұлтты келісім қалыптасқан өңірлердің бірі. Мұнда 20-дан астам этнос өкілдері тұрады, ал жалпы халық саны шамамен 242 мың адамды құрайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамдық бірлікті нығайтып қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz