Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 5100 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алматы облысының Кеген ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау науқаны аясында ауқымды экологиялық шара өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Игі бастамаға ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен парк қызметкерлері қатысып, жалпы саны 1000-ға жуық адам жұмылдырылды. Нәтижесінде 5100 түп ағаш отырғызылды.

Көшеттер егілген 7 гектар аумақ толық қоршалған. Жергілікті климатқа бейім аққайың, қарағай, шырша, терек түрлері таңдап алынған. Алдағы уақытта мұнда 2000 метрлік тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, екі жыл бойы мамандар тарапынан күтім жасалады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынып, жарық шамдары орнатылады.

Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, акция өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен жүзеге асып отыр.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында маңызды бастаманы қолға алдық. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін белсенділік танытты. Басты мақсатымыз – табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру. Биыл аудан бойынша 15 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр”, – деді әкім.

Шараға қатысқан тұрғын Рақым Есімбаев мұндай бастамалардың жастарға оң әсер ететінін атап өтті.

“Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халқымыз. Осындай шаралар табиғатқа жанашырлықты арттырады. Туған жеріміздің көркейгені – бәріміз үшін үлкен қуаныш”, – деді ол.

Сонымен қатар, өңірде жүн мен тері өңдеу зауытын салып жатқан «MERGEN HOLDING» ЖШС де акцияға қолдау білдіріп, жеке қаражаты есебінен 2 гектар аумаққа 2000 түп калифорния терегін отырғызуды жоспарлап отыр.

Нәтижесінде Кеген ауданының кіреберісі жасыл желекке бөленіп, тұрғындар мен туристер үшін тартымды демалыс орнына айналмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz