Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт құбылады: жаңбыр, бұршақ пен үсік күтіледі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Болжамға сәйкес, 30 сәуірде еліміздің оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Ал 2 мамырда нөсер жауын оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерді қамтуы мүмкін.

Синоптиктер 30 сәуірде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ бүкіл кезең бойы шығыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы болатынын хабарлады. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Мамандар үсік қаупі сақталатынын да ескертті. Бүкіл кезең бойы батыс өңірлерде, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір мен 2 мамырда солтүстік-батыста, ал 2 мамырда елдің солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал.

Күндіз бірқатар өңірде ауа температурасы көтеріледі. Оңтүстік-батыста +17…+22 градусқа дейін, солтүстік-батыста +13…+25 градусқа дейін жылынады. Шығыс пен оңтүстік-шығыста +25…+32 градусқа дейін ыстық болады.

Ал батыста температура +10…+15 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте +12…+18 градус, орталықта +15…+25 градус, ал оңтүстікте +18…+23 градус шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт құбылуына байланысты сақ болуға және дауылды ескертулерді бақылап отыруға кеңес берді.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz