Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы–Өскемен тасжолындағы апат: 11 адам ауруханаға түсті

Алматы–Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, апат Foton және Mercedes-Benz Sprinter көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Алдын ала дерекке сәйкес, Foton жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, қарсы бағытта келе жатқан шағын автобуспен соқтығысқан.

Оқиға куәгерлері апат сәтін видеоға түсіріп алған. Кадрлардан соққы көліктің бүйір бөлігіне тигені байқалады. Салдарынан есіктер қысылып қалып, кейбір жолаушыларды арнайы құралдардың көмегімен шығару қажет болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамдарды көліктен босатып, алғашқы көмек көрсетті. Кейін зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталып жатыр», — деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz