Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай маңында батпаққа батқан көлік құтқарылды

Қапшағай су қоймасына жақын маңда жеңіл көлік батпақты жерге батып, шыға алмай қалған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жердің батпақты екенін байқамай, көлікті тұтқыр топыраққа кіргізіп алған. Өз күшімен шығуға тырысқанымен, нәтиже болмаған соң құтқарушылардан көмек сұраған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқару бөлімінің мамандары рельефтің күрделілігіне қарамастан жоғары өтімді арнайы техниканы қолданған. Нәтижесінде көлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды.

Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қар еру және су тасу кезеңінде аса сақ болуға шақырды.

«Топырақтың күйі мен көліктің өтімділік мүмкіндігін дұрыс бағалау қажет. Әсіресе су айдындарының маңындағы жер қазір өте қауіпті», – деп ескертті мамандар.

Құтқарушылар демалысқа шығу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, табиғи жағдайларды ескеруді ұсынады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz