Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда автобустарға газ құю бекеттері жетпей жатыр

Алматы қаласында жолаушылар автобусына жанармай құю бекеттері жеткіліксіз. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушілері станцияларда таңғы 04:00-тен бастап кезек күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Сурет ҚазАқпарат сайтынан

Сурет ҚазАқпарат сайтынан

Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Алматы қаласында автобустарға газ құю үшін жабдықталған 7 станция бар.

«Станциялар толық қуатының тек 20 пайызымен (тозуға байланысты) ғана жұмыс істеп тұр және күніне 650-ден астам қалалық жолаушылар автобусына қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің ұзақтығына байланысты жүргізушілерге ыңғайсыздық туып отыр. Жүргізушілер газ құю үшін таңертеңгі сағат 04:00-ден бастап кезекке тұруға мәжбүр. Салдарынан көптеген жүргізуші жұмыстан шығып, өзге салаларға кетіп жатыр», — деп хабарлады кәсіпкерлер палатасынан.

Бизнес өкілдері мәселенің шешімі ретінде газ құю бекеттерін ашу үшін жер учаскелерін беруді сұрап отыр.

«Бекеттер ашу мақсатында жер учаскелерін бөлу жұмыстары жергілікті атқарушы органға жүктелген. Алайда, жоспарлы іс-шаралар қазіргі уақытта төмен қарқынмен жүріп жатыр. Бұл салалардың өзара үйлесімде жұмыс істемегенімен және мемлекеттік органдардың қызығушылығының төмендігімен байланысты», — деді «Атамекен» ҰКП әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Нұрбол Әшербеков.

Кәсіпкерлер палатасы ақпаратына қарағанда, Алматы қаласында газ құю бекеттерін салу «QazaqGaz» компаниясына жүктелген. Дегенмен Алматы қаласы әкімдігі жер телімдерін бөлу және инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарын уақытылы орындамай отыр.

Тегтер: газ

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz