Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026
Жаңалықтар, Саясат

Президент өз құттықтауында Наурыздың тазару мен жаңару кезеңі екенін атап өтіп, тазалық ұғымының ауқымы кең екеніне назар аударды. Оның айтуынша, бұл ең алдымен ойдың, сананың және ниеттің тазалығын білдіреді.

Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын елде басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына да тоқталды. Президенттің сөзінше, бұл жоба халықтың, әсіресе жастардың кең қолдауына ие болды. Азаматтар тазалықты сөз жүзінде ғана емес, нақты іспен дәлелдеп келеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұқыптылық, жинақылық және тиянақтылық секілді қасиеттер ұлттың жаңа сапасына айналып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, «Таза Қазақстан» бастамасы жай ғана науқан емес, мемлекет идеологиясының маңызды бөлігіне айналуға тиіс.

Президент бұл игі іс бір мерекемен немесе белгілі бір кезеңмен шектелмей, жыл бойы жалғасуы керектігін жеткізді. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеудің маңызы зор екенін атап өтті.

Құттықтауында Мемлекет басшысы Наурыз мейрамы табиғат пен ел өміріндегі жаңарудың символы екенін айтып, осындай тарихи сәтте айтылған ақ тілектің мәні ерекше екенін жеткізді.

Сөз соңында Президент елге амандық, жерге тыныштық тілеп, Қазақстанның мәңгі жасай беруіне ниет білдірді.

«Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!
Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін!
Туымыз биікте желбіресін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!»
– деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz