Іс-шараларды Цифрлық технологиялар басқармасы өткізеді. Ашық форматтағы кездесулер IT-хаб үлгісінде ұйымдастырылып, кез келген азамат заманауи технологиялардың қалай жұмыс істейтінін түсініп, тәжірибе жүзінде таныса алады.
Қатысушыларға жасанды интеллектіні күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Сондай-ақ генеративті модельдер арқылы контент жасау, мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық платформалармен жұмыс істеу жолдары көрсетіледі.
Кейбір өңірлерде AlemGPT пен Жасанды интеллектінің ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылады.
Демонстрациялық сессиялар аясында халықаралық және отандық ЖИ шешімдері ұсынылады. Атап айтқанда:
күнделікті міндеттерді шешуде генеративті ЖИ сервистерін (мысалы, ChatGPT, Claude) пайдалану;
KazLLM сияқты отандық тілдік модельдермен танысу;
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект ұлттық платформасының мүмкіндіктерін көрсету;
ЖИ-ді білім беру, жұмыс, кәсіпкерлік және күнделікті өмірде қолданудың практикалық сценарийлері.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.





