Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шонжыда орманшылар дауыс беріп, мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында республикалық референдум күні ерекше бастама жүзеге асты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Қарадала орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері дауыс беріп болған соң, Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектептің ауласына ағаш отырғызды.

Аудан тұрғындары ел тарихындағы маңызды күнді есте қаларлықтай өткізуге тырысқан. Әр сала өкілдері референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Орман шаруашылығы қызметкерлері алдымен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, кейін мектеп ауласына көшет отырғызу акциясын ұйымдастырды. Жалпы білім ордасының ауласына 30 түп жас ағаш егілді.

Қарадала орман шаруашылығының басшысы Айдос Адабайұлы бұл бастаманың мәнін түсіндірді.

«Бүгінгі күн ел тарихындағы маңызды күн. Біз жаңа Конституцияны бекіту үшін дауыс беріп, болашағымыздың іргетасын бірге қалап жатырмыз. Мемлекет басшысының мұндай маңызды мәселелерді халықпен ашық талқылап, ел таңдауы арқылы шешуі  көрегендік. Біз ағаш отырғызу арқылы азаматтарды табиғатты қорғауға шақырып, бүгінгі тарихи күннің белгісі ретінде мектеп ауласына көшет егуді жөн көрдік», – деді ол.

Оның айтуынша, отырғызылған ағаштар уақыт өте келе өсіп, жайқалып, болашақ ұрпаққа көлеңке болатын үлкен бәйтерекке айналады. Бұл бастама мемлекеттің де дәл сол ағаштай тамырын тереңге жайып, нығая түсуін білдіретін символ ретінде қарастырылған.

«Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз» акциясы аудан тұрғындары үшін үлгі боларлық игі шараға айналды. Енді мектептің жаңа ғимаратының ауласында 15 наурыз күні отырғызылған 30 түп ағаш өсіп, осы күннің естелігі ретінде сақталмақ.

Мектеп директоры Берікбай Атагелдиев те орманшылардың бастамасына ризашылығын білдіріп, жас көшеттерге тиісті күтім жасалатынын айтты.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Супергерои пришли на избирательный участок в Илийском районе

Николай Иващенко
15.03.2026

Более 700 тысяч жителей Алматинской области проголосовали на референдуме

Николай Иващенко
15.03.2026

Жители Алматинской области спешат на участки для голосования до их закрытия

Николай Иващенко
15.03.2026

64,43 % граждан Казахстана проголосовали — данные на 16:00

Николай Иващенко
15.03.2026

30 автобусов бесплатно перевозили жителей Конаева в день референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz