Білім саласындағы үздік педагогтер бас қосқан байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен мұғалімдер қатысып, кәсіби шеберліктерін сынға салды.
Аталған олимпиадада Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы қазақ орта мектебінің математика-физика пәнінің мұғалімі Серікбай Айгерім жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.
Педагогтің бұл жетістігі өңірдің білім саласы үшін үлкен мәртебе. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі жас ұрпаққа сапалы білім беруге қосқан үлесінің айқын дәлелі екені атап өтілді.
Әріптестері мен шәкірттері жеңімпаз ұстазды құттықтап, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.





