Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтау қаласына іргелес ауыл тұрғындары аммиактың ащы иісіне шағымданды

Ақтау қаласының іргесіндегі Басқұдық ауылының тұрғындары балаларының денсаулығына зиянын тигізе бастаған ауадағы өткір иіске шағымданды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі, ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Сурет арнайы түсірілімнен алынды

Сурет арнайы түсірілімнен алынды

Басқұдық ауылының жанында кәріз суларын бұруға арналған арық ағып жатыр. Бұған дейін су магистралі арқылы «Қошқар ата» улы қалдықтар қоймасына тек қаланың қалдығы ғана төгілген. Қазір жақын маңдағы зауыттардан арнаға таратылған пластикалық құбырлар бар.

«Пластикалық құбырларды жүргізу кезінде алынған сынамалар амоний мен нитрит иондарының артық екендігін көрсетті. Сондай-ақ, компаниялар қызметіне мониторинг жүргізу барысында да күкірт пен аммиактың шекті нормасынан асып түскені анықталды», — деп түсіндірді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Мағжан Ғалымов.

Мамандардың айтуынша, арна бүгінде жекеменшікте және жергілікті коммуналдық кәсіпорын мен «ҚазАзот» зауытына жалға берілген. Алайда, кәсіпорында қалдықтарды төгуге рұқсат жоқ.

2020 жылы арнаға тартылған құбырдың бөлшектелгені үшін жауапты тұлғаларға 2 млн теңге айыппұл салынған еді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 14 млн теңге көлемінде жеке айыппұл төленді. Осы жолы да тәртіп бұзушыларға қатысты кезекті тексеріс жүргізілмек.

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында жаңа тренд: сенбілікке отбасымен қатысатындар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz