Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Қайрат Жұманов 1989 жылы туған. Жоғары білімді маман. Ол 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «экономика» мамандығын игерсе, 2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «іскерлік әкімшілендіру» бағыты бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №105 гимназияда педагог-психолог болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметтерінде жұмыс істеген. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.

Енді жаңа қызметінде Қайрат Жұманов өңірдегі білім беру саласын дамыту, білім сапасын арттыру және басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіретін болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz