Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында орман өрттерінің саны 14 есеге азайды

Алматы облысында табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою бағытында заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Соның ең тиімді тетіктерінің бірі – интеллектуалды бейнемониторинг жүйесі. Аталған жүйенің арқасында өңірде орман өрттерінің саны 14 есеге қысқарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Цифрлық мониторинг жүйесі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 11 маусымдағы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Алматы облысы аумағындағы Бақанас, Қаскелең, Күрті, Шелек және Қарадала орман шаруашылықтарында 18 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.

Жүйеге қосылған заманауи бейнекамералар тәулік бойы өрт қаупі жоғары аймақтарды бақылап, түтін мен от тұтану ошақтарын ерте кезеңде анықтайды. Барлық ақпарат нақты уақыт режимінде жедел қызметтерге жеткізіліп, өрттің алдын алуға және оның таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәліметінше, қабылданған шаралар айтарлықтай нәтиже берген. 2022 жылы орман өрттері шарпыған аумақ 784 гектардан асса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 53 гектарға дейін қысқарған. Мамандардың айтуынша, бұл — шамамен 14 есе азайғанын көрсетеді.

Өрттің алдын алу шаралары орманды қалпына келтіру жұмыстарымен тығыз байланысты. 2021–2025 жылдарға арналған екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі ұлттық жоба аясында Алматы облысында 43,7 миллион ағаш отырғызылып, 19,8 мың гектар аумақ қамтылды. Орман отырғызу және тұқым себу жұмыстары 100 пайызға орындалған.

Алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. 2026–2027 жылдары өңірде қосымша 8,9 миллион ағаш отырғызылып, 4 мың гектар жер көгалдандырылмақ.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа технологияларды енгізу мен ауқымды орманды қалпына келтіру жұмыстары табиғи өрттердің алдын алып қана қоймай, жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтып, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz