Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Лауазымнан биік адам: Дінмұхаммед Қонаевтың көпшілік біле бермейтін қырлары

Мөлдір Иманмади
12.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтің туғанына 114 жыл толды. Қонаевты тек мемлекеттік лауазым иесі деп ойлайтындар көп. Ал шындығында ол қарапайым адам болды: күзетсіз және жеке көліксіз жүрген, аңшылықты жақсы көрген, қару-жарақ пен тұтатқыштар жинаған. Алматыны апаттан аман сақтаған бөгет салуға өзі басшылық жасаған. Біз сіздерге осындай көпшілікке беймәлім қызықты фактілер ұсынамыз!

  • Қонаев басқарған жылдары Қазақстанда 43 қала бой көтерді.
  •  Оның жетеуі Алматы және Жетісу облысында салынды: Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе және Қапшағай. Бұл қалалар аймақтық экономиканың тірегіне айналды.
  • Қонаев басқарған 22 жылда ел Экономикасы 7 есе, өнеркәсіп 8,9 есе, ауыл шаруашылығы 6,2 есе, құрылыс 68 есе өсті. Халық саны 2 есе артты.
  • 1967 жылы Алматыны селден қорғау үшін бөгет салу жұмыстарына Қонаев өзі басшылық етті. 1973 жылы сол бөгет қаланың шығыс бөлігін жойқын апаттан сақтап қалды.
  • Оның тұсында зауыттар, шахталар, электр станциялары салынды.
  • Университеттер мен ғылыми орталықтар ашылды. Себебі, Қонаев ел болашағын білімді ұрпақпен байланыстырды.
  • Аңшылықты жақсы көрген, қару мен 476 тұтатқыштан тұратын коллекциясы болған.
  • Атқарған еңбегі үшін көптеген марапаттар мен ел құрметіне ие болды. Соған қарамастан қарапайым өмір сүрді.

Дінмұхаммед Қонаевтың ең үлкен мұрасы — атағы емес, абыройы. Ол тарихта қызметімен қатар, жауапкершілігімен қалған тұлға. Мұндай ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі — өткеннің ғана естелігі емес, бүгінгі күнге сабақ, ал келер ұрпақ үшін биік рухани бағдар болып қала береді.

Тегтер: Дінмұхамед ҚонаевҚонаев туралы қызықты деректер

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz