Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана тұрғыны тарологқа 60 млн теңге берген

1 жыл ішінде 60 млн теңгесін көріпкелге санап берген астаналық тұрғын құқық қорғаушыларға жүгінді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Астана телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Отбасың мен өзіңе дуа жасалды деп балгер оны жыл бойы «тазалаған».

«Балгерге жәбірленуші өзі жүгінген. Ол отбасыңды және өзіңді дуалаған, оны тазалаймын деп әр сеансына ақша алып отырған. Осылайша жәбірленуші барлығы 60 млн теңге жұмсаған», — дейді Сарыарқа ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Талғат Жолдасов.

Психологтардың айтуынша бақсы-балгерлерге көбінесе үрейге бой алдырған адамдар барады. Бойдағы қорқынышты сейілтіп, уақытша болса да күйзелісті жеңу үшін олардың «болжамдарын» тыңдайды. Өйткені ондай адамдар белгісіздіктен қатты қорқады.

«Күйзелісте жүрген адам жақсы жаңалық естігісі келеді. Өйткені өзінде мотивация жоқ. Сондықтан барады. Ал балгер оған қалағанын айтады. Бар болғаны осы», — дейді психолог Динара Ибрагимова.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде тарологтар мен көріпкелдердің жарнамасынан көз сүрінеді. Олар болашақты тікелей эфирде де, мессенджерлерде жеке хат алмасу арқылы да болжайды. Ал ақысын карта арқылы алады.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz