Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шетелдік инвесторлар Алматы облысының агроәлеуетіне қызығушылық танытты

Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестік жаңа кезеңге қадам басты. Бұл туралы Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз  қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
17.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Осы мақсатта Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы жұмыс сапарымен Алматы облысына келіп, өңірдің аграрлық әлеуетімен танысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сапардың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, заманауи агротехнологиялармен тәжірибе алмасу және инвестициялық жобаларды іске асыру.

Қытай делегациясының құрамында, Цинхай провинциясының ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтар басқармасы бас директорының орынбасары, Sanjiang Group Co., Ltd компаниясы бас директорының орынбасары, Цинхай провинциясының ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу станциясы директорының орынбасары, Цинхай провинциясы Сыртқы істер кеңсесінің халықаралық байланыстар бөлімінің директорының орынбасары, Haidong Letong Import & Export Trading Co., Ltd компаниясының бас директоры болды.

Бұл – Қытайдың агроөнеркәсіптік секторында мемлекеттік басқару, технология трансфері және инвестиция бағыттары бойынша шешім қабылдайтын негізгі өкілдер.

Жұмыс сапары барысында қытайлық делегация «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ЖШС-нің «Қайнар» аймақтық филиалының қызметімен танысты. Ғылыми мекеменің әлеуеті, селекциялық бағыттағы жұмыстары мен тәжірибелік базасы шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Бұл сапар Алматы облысының ауыл шаруашылығы тек шикізат өндірумен шектелмей, ғылымға негізделген аграрлық кластер қалыптастыруға бет алғанын көрсетеді.

Қытай делегациясы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлымен ресми кездесу өткізді. Келіссөздерге басқарма басшысының орынбасары Дауткулов Еркінбек Аянбекұлы, егін, тұқым шаруашылығы және техникалық бақылау бөлімінің басшысы Быдышев Ерлан Жұлдызұлы, сондай-ақ бөлімнің бас маманы Акылбеков Алмас Азаматұлы қатысты.

Кездесуде Ғалым Қасымұлы Тоқпейісов екіжақты әріптестіктің маңызын атап өтті:

«Қытай Халық Республикасының делегациясының Алматы облысына жасаған жұмыс сапары – ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Өңірдің аграрлық әлеуеті жоғары, ал қытайлық әріптестердің заманауи агротехнологиялар мен ғылыми тәжірибесі біз үшін аса құнды. Алдағы уақытта ғылыми зерттеулер, тұқым шаруашылығы, өнім өндіру және өңдеу бағыттары бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл ынтымақтастық ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, инвестиция тартуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады», — деді Ғалым Қасымұлы.

Кездесу барысында тараптар:

  • ауыл шаруашылығындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету,
  • ғылыми және технологиялық тәжірибе алмасу,
  • инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті нығайтуға және нақты бірлескен жобаларды пысықтауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл кездесу Алматы облысы үшін шетелдік инвестиция тарту, заманауи агротехнологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Алматы облысы халықаралық аграрлық серіктестікке ашық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Тегтер: Алматы облысының ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтарҒалым ТоқпейісовҚытай инвесторлары

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz