Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржы министрлігі 1 млн теңгеден асатын мобильді аударымдарды қалай тексереді?

2026 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына қатысты салықтық бақылаудың жаңартылған қағидалары күшіне енеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Мөлдір Иманмади
17.12.2025
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Azattyq Rýhy

Фото: Azattyq Rýhy

Жаңа талаптарға сәйкес, мобильді аударымдар келесі критерийлер бойынша бақыланады:

  • үш ай қатарынан (қаңтар, ақпан, наурыз) 100 адамнан қаржының түсуі;
  • түскен аударымдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асуы.

Аталған талаптардың барлығы бір мезгілде орын алған жағдайда, азамат салықтық тексеруге ілігеді. Бұл ретте екінші деңгейлі банктер тиісті ақпаратты салық органдарына беруге міндетті.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың есепшоттары автоматты түрде жабылмайтынын атап өтті.

«Біз жеке тұлғалардың шоттарын жабуды көздеп отырған жоқпыз. Алдымен деректердегі сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жіберіледі, содан кейін жағдай нақтыланады. Бұл кәсіпкерлік қызмет пе, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажеттілігі бар ма, әлде қайырымдылық сияқты өзге де жағдайлар ма – барлығы ескеріледі. Автоматты түрде шоттарды жабу қарастырылмаған», – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр 1 млн теңгеден асатын аударымдар үшін міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерді жарияланатын мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеруге шақырды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚаржы министрлігімобильді аударымдар

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz