Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абақтыға сим-картаны тіс пастасына жасырып жібермекші болған

Алматы қаласындағы тергеу изоляторында сот үкімін күтіп жатқан күдіктілерге жақындары мен таныстары көбіне ұялы телефон мен есірткі заттарын өткізуге тырысады. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісі BAQ.KZ жазған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Әкелген әр затты мұқият тексеретін бақылаушылар сәлемдемелерді жеткізудің небір қитұрқылықтарын көрген. Арам ниеттілер көбіне шайдың ішіне, кәмпиттің арасына, тіптен темекінің ішіндегі ұнтағын алып тастап, орнына есірткі жасырады.

Ал телефонның неғұрлым шағын маркаларын таңдайды. Оны жасырудың да небір жолдарын ойлап табады. Мысалы нанның ортасына, аяқ киімнің ұлтанына жасырса, сим-карталарды анықтау оңай емес. Тіптен жуырда бақылаушылар тіс пастасына жасырған сим-картаны да тапты. Тергеу абақтасындағы тыйым салынған заттарды анықтаудың тағы бір жолы – камераларда тінту жүргізу.

«Жыл басынан бері Алматы қаласы Қылмыстық-атқару департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде 33 ұялы байланыс құралы, 1 литр алкогольдік ішімдік, 111,32 грамм есірткі заты және ақшалай 46 000 теңге тәркіленді. Тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқан 19 адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 481-бабына сәйкес хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Соттың шешімімен олар әкімшілік жазаға тартылып, ескерту жасалды немесе он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», — дейді режим және күзет бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Асхат Маратұлы Көмекбаев.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz