Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде Алматы облысы үздік нәтиже көрсетті

Астанада өткен жаратылыстану-математика бағытындағы XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде Алматы облысының оқушысы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломға ие болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Балнұр Асанова
21.11.2025
Алматы облысы

2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Бұл білім бәйгесі – еліміздің ең үздік оқушыларының терең білімін, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми ізденісін сынайтын маңызды зияткерлік дода.

Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген талапты оқушылар қатысып, өзара білім бәсекесіне түсті. Нәтижесінде Алматы облысының атынан қатысқан «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Утешкалиев Нұржан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл — оқушының табанды еңбегі мен ұстаздарының жүйелі дайындығының жемісі. Білімге құштар мұндай жастар еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтып, болашақ жетістіктердің негізін қалайды.

Алматы облысы білім басқармасы Утешкалиев Нұржанды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарзияткерлік додаПрезиденттік олимпиада

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz