Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан алты айға сұйытылған газды экспорттауға тыйым салды

Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 қарашада «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2025
Жаңалықтар

Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай бойы шетелге шығаруға тыйым салынады.

Министрлік түсіндірмесінде бұл шектеу ішкі нарықты қамтамасыз ету және газ тапшылығының алдын алу мақсатында енгізіліп отырғаны атап өтілді.

Экспортқа тыйым келесі жағдайларға қолданылмайды:

• Президент бекіткен өнімді бөлу жөніндегі келісімдер немесе жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында өндірілген және салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушыларға;

• Қарашығанақ кен орнынан өндірілген қазақстандық шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған тауарларды Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес экспорттауға;

• Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін, басталуы мен аяқталуы ел аумағынан тыс тасымалдарға;

• Үкімет шешімі бойынша гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін жүктерге.

Бұйрық 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін бұл тыйымды ұзарту туралы шешім қазан айының басында өткен Сыртқы сауда жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданған еді. Министрлік мұндай шектеулер ішкі нарықты тұрақтандыруға бағытталғанын мәлімдеген.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве началась реконструкция улицы Ауэзова

Николай Иващенко
30.03.2026

Массовая разборка в Алматинской области: полиция применила оружие

Николай Иващенко
30.03.2026

В Алматинской области спасатели МЧС пришли на помощь заблудившимся в горах

Николай Иващенко
30.03.2026

В области Улытау пресечен канал поставки наркотиков объемом до миллиона доз

Николай Иващенко
30.03.2026

Убийство семьи в Атырау: подозреваемому грозит пожизненное

Николай Иващенко
30.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz