Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет 2026 жылы күштік құрылымдарға 3 триллион теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі алдағы жылы күштік құрылымдарды қаржыландыруға 3 триллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2025
Жаңалықтар

«Күштік құрылымдарды қаржыландыруға 2026 жылы 3 трлн теңге жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар жалпы ішкі өнімнің шамамен 1 пайызын құрайды», — деді министр.

Мәди Тәкиевтің айтуынша, бөлінетін қаражат тек жауынгерлік дайындықты сақтау шараларына ғана емес, сонымен қатар әскери инфрақұрылымды жаңарту мен техникалық жарақтандыруға бағытталады.

Бүгін Мәжілісте депутаттар «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарап жатыр. Үкіметтің жаңа бюджет саясаты елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге және күштік құрылымдардың материалдық-техникалық базасын заманауи деңгейге көтеруге бағытталған.

Тегтер: қазақстанмәжіліс

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz