Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Пафос» кездесуі тең нәтижемен аяқталды

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі кезекті ойында өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдап, матч тең нәтижемен аяқталды. Қос команда 90 минут бойы есеп аша алмады – ойын 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2025
Жаңалықтар

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алматылықтар басымдыққа ие болғанымен, шабуылдарды голға айналдыру мүмкін болмады. Ал «Пафос» командасы алтыншы минуттан бастап 10 ойыншымен ойнауға мәжбүр болды – кипрлік футболшы тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Топтық кезеңнің үшінші турындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталып, оны республикалық «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Бұған дейінгі турларда «Қайрат» Лиссабонның «Спортингінен» 1:4, ал Мадридтің «Реалынан» 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал «Пафос» өз кезегінде «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең түсіп, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған болатын.

Келесі турда «Қайрат» сырт алаңда маңызды кездесуге шығып, плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігін сақтап қалу үшін бар күшін салмақ.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аким Алматинской области Марат Султангазиев с рабочим визитом прибыл в Китай

Николай Иващенко
31.03.2026

Землетрясение произошло ночью в области Жетысу

Николай Иващенко
31.03.2026

Назначен глава нового управления в Алматинской области

Николай Иващенко
31.03.2026

Маршрутный автобус столкнулся с поездом в Алматинской области

Николай Иващенко
31.03.2026

В Конаеве началась реконструкция улицы Ауэзова

Николай Иващенко
30.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz