Әсіресе жүгері дақылынан алынған өнім көлемі айтарлықтай артты — биылғы көрсеткіш 338 мың тоннадан асты. Бұл — облыс тарихындағы жаңа рекорд.
Мұндай жетістік инновациялық егіншілік тәсілдерін енгізу, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану және егіс алқаптарын цифрлық бақылау жүйесін қолданудың нәтижесінде мүмкін болды. Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жүгерінің өнімділігі гектарына 80 центнерден асып, ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті.
«Жоғары өнім жаңа тұқым түрлерін, заманауи агротехнологияларды және дәлме-дәл егіншілік әдістерін қолданудың нәтижесі», — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ғалым Тоқпейісов.
Аграрлық сала мамандарының айтуынша, мұндай тәжірибелер ауыл шаруашылығында өнім сапасын арттырып, еңбек өнімділігін еселеп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда.





