Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған Елдар өз қарсыластарымен жоғары деңгейде бақ сынап, финалдық кезеңге дейін жетті. Оның жеңісі Алматы облысының ғана емес, күллі спорт сүйер қауымның қуанышы болды.

Мектеп ұжымы мен бапкерлер құрамы шәкірттерінің жетістігін зор мақтанышпен атап өтті.
«Елдардың бұл табысы – оның жеке еңбегінің және спортқа деген адалдығының жемісі. Ол өзіне сеніп, үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Мұндай жетістік жас ұрпаққа үлгі», – дейді мектеп басшылығы.
Елдардың басты арманы – халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын биікте желбіретіп, болашақта әлем чемпионы атану. Жас спортшының бұл табысы мектептегі өзге оқушылардың да спортқа деген ынтасын арттыра түсті.
Алматы облысының білім беру ұйымдары мен спорт мектептері жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және дарынды спортшыларды тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Елдар сынды табанды жастардың жетістігі – сол еңбектің айқын дәлелі.
Осындай жеңістер арқылы еліміздің жастары өздерінің биік мақсаттарға жетуге қабілетті екенін дәлелдеп келеді. Маратов Елдарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ол алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, жаңа белестерді бағындыра берсін!





