Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2 шетелдік компания жолға бөлінген 28 млрд теңгені оффшорға шығарған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов жолға бөлінген ақшаны оффшорлық аймаққа шығарып әкетудің схемасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

17.08.2022
Жаңалықтар

Мамандардың айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың тағы бір бағыты Үкімет берген қарызды игеру кезінде кездеседі. Үкіметтік қарыз бюджет арқылы бөлінеді.

«Ақша жымқыру алгоритмі мынадай: жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты өтетін тендерде шетелдік мердігер компания шектен тыс төмен баға ұсынып, конкурс жеңімпазы атанады. Мысалы, «СПИК АККОРД» ашық акционерлік қоғамы тендер кезінде бағаны 38 пайыз түсірген. Бұл тендерде жарияланған жоба құнының үштен бірінен артық деген сөз. Мұндай бағамен салынатын жолдың сапасы мен тиімділігіне қатысты күмән туындайды. Тіпті мұндай ақшаға жол салып шығудың өзі екіталай. Келісімшарт бекітілгеннен кейін мердігерге күмәнді банк ұсынған кепілдік бойынша аванс беріледі. Мысалы, Солтүстік Кипрде тіркелген Fortress Bank оффшорлық аймақта орналасқан. Кейін аванс көлемі ұлғайтылады. Өйткені нормативтік шарт жоқ. Осыны пайдаланған мердігер шарттағы міндетін қасақана орындамайды деуге болады. Осылайша келісімшарт бұзылады», — дейді агенттік өкілі.

Бұдан кейін шетелдік мердігер Қазақстан аумағынан ізін жасырып үлгеретін көрінеді. 

«Бұдан кейін шетелдік мердігер компания Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Ал құзыретті комитет сот төрелігіне жүгінеді. Талдау кезінде осындай екі шетелдік компания анықталды. Олар жеңіп алған тендердің жұмыстарын қажетті деңгейде орындамай, Қазақстан бюджетіне 28 млрд теңгеден астам шығын келтірді», — деді Саян Ахметжанов.

Айта кетейік, «оффшорлық» сөзінің мағынасы сол елдің қаржылық заңдары мен тәртіптеріне бағынбайтын басқа бір өңірде қаржылық әрекет ету дегенді білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz