Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Компаниясынан барлық әйелдерді жұмыстан шығарып жіберген алматылық кәсіпкер өзгелерді солай жасауға шақырды

Кәсіпкер Ақжол Талғатұлының әлеуметтік желіде компаниядағы барлық әйелдерді жұмыстан шығарып, тек 5 ер адамды қалдырғанын айтқан видеосы жарияланды. Ол басқа жұмыс берушілерді де осындай ұстанымға шақырған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

17.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Кәсіпкер мұны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

«Cоңғы күндері менің оқырмандарымды таңғалдырған ең үлкен жаңалық – бұл менің қыз балалардың барлығын жұмыстан шығарғаным. Біздің компанияда 22 адам болды. Қазір тек қана бес адам қалды және оның бәрі ұлдар. Бұл қыздардың құқығын шектеу ме? Жоқ. Білесіздер, менің түсінігімде, мал табумен ер адам айналысуы керек», – дейді ол.

Оның айтуынша, жұмысқа тек ер адамдар ғана қабылдануы керек. Ал қыз балалардың өзінің мұраты бар.

«Қыз бала одан жоғары. Енді қараңыз, мені оны жұмыстан шығардым. Мүмкін, ол басқа жаққа барып бәрібір жұмыс жасайды ғой деген ой тууы мүмкін. Бірақ бұл процесті біреу бастау керек қой. Бір ер адам бастауы керек. Екіншіден, мен жұмыстан шығарған қыздардың өмір тарихында, ойында “сен мұндай жұмыспен айналыспа, сен одан жоғарысың” деген түсінік қалу керек. “Кезінде жұмыстан шығарған” деген оқиғаны сол қыздар кейін айтып отыратын болады. Осылай өзгеріс бастамасы болсын деп, ер адамдарды еңбекке шақырып, ал қыз балаларды өзінің мұратына арнау керек деген ұстанымымызды біз іске асыра бастадық», – деген ол, бейнежазбада.

Автор кейін бұл видеосын жеке парақшасынан өшіріп тастаған. Бірақ әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып жатыр. Адвокат Жанна Мұхамади жұмыстан босатылған әйелдерге оны сотқа беруге кеңес берді.

«Мен бұл қыздарды тауып, конституциялық құқықтарының бұзылуы бойынша кәсіпкерді сотқа бергім келеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкім ешкімді кемсітуіне болмайды!», – деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Мұхамади бұл жағдайды Ауғанстанмен салыстырды. Ең жаманы, ол барша кәсіпкерлерді әйелдердің бәрін жұмыстан шығару керек деген мағынадағы бір флешмобқа шақырып отыр. Бүгінде Ауғанстан әйелдерінің білім алу мен жұмыс істеу құқығы шектелген, оны қорғаймын дегендерін атып өлтіріп жатыр. Ал Қазақстанда әйелдер жұмыс істемеуі үшін оларды жұмыстан шығарып жіберді.

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында жаңа тренд: сенбілікке отбасымен қатысатындар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz