Жаңа жоба Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратураның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.
«Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтіліп, борышкерлерді анықтау тетіктері жетілдірілді. Бұған дейін бұл жүйе тек қалалық көшелер мен қоғамдық орындардағы камералар арқылы жұмыс істесе, енді әлеуметтік маңызы бар нысандардағы камералар да қосылды.
Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып мемлекеттік қызмет алған немесе теміржол мен әуе билеттерін кассадан сатып алған азаматтардың деректері де автоматты түрде базаға енгізіледі. Бұл қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар айында іздеуде жүрген борышкерлер саны 4 560 адамды құраған. Оның ішінде 2 118 адамның тұрғылықты мекенжайы анықталып, жалпы анықтау көрсеткіші 39,3 пайыз болды.
Бұл бастама қарызды өндіру процесін жеделдетіп, борышкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.





