Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыратын «Sergek» жүйесі іске қосылды

Алматы облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Sergek» зияткерлік жүйесін енгізу жобасы басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі таңда жүйе толыққанды жұмыс істеп тұр: тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін камералар өңір аумағындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік беріп отыр.

Жоба аясында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылып, автомобиль жолдарын, аула аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді қамтитын 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы іске қосылды. Сондай-ақ бұрын бейнебақылау болмаған 32 шалғай елді мекенде жаңа жүйе орнатылды.

Жүйеден күтілетін нәтижелер айтарлықтай маңызды. Сарапшылардың болжамынша, қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі 40 пайызға дейін төмендейді. Ал жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітім саны 50 пайыздан астам қысқаруы мүмкін.

«Sergek» – заманауи бейнебақылау технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштастырған жүйе. Ол нақты уақыт режимінде жағдайды бақылап, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етпек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz